Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – көпұлтты мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі болып табылатын бірлік пен келісімнің, татулық пен ынтымақтың айқын көрінісі. Қазақстанды мекендеген сан ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етіп, ел игілігі үшін аянбай тер төгуі – халқымыздың даналығы мен төзімділігінің, достығы мен бірлігінің нақты дәлелі.

Біздің ауданымыз да – бірлігі бекем, тірлігі берекелі өңір. Әртүрлі этнос өкілдері өзара түсіністік пен құрметтің аясында өмір сүріп, ортақ қоғамымыздың гүлденуіне сүбелі үлес қосып келеді.

Бүгінгі бейбіт күніміз, тұрақтылық пен татулық – ең үлкен байлығымыз. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттау – бәріміздің ортақ парызымыз.

Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен береке тілеймін! Ел бірлігі жасай берсін!

Ізгі тілекпен,
Алға ауданының әкімі
Асланбек Шүйіншәлиев