Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне семинар-тренинг өткізілді.

Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне семинар-тренинг өткізілді.

Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен В. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінде, 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Алға ауданының Алға қаласы, Бесқоспа, Қарағаш, Тоқмансай, Үшқұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына байланысты, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А. Нұрмағамбетова және хатшысы А. Бүркіталин қатысты.

Сондай-ақ, ЖАО-ның (жергілікті атқарушы орган) атқарған жұмысы туралы Алға ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Елеусіз есеп берді. Мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беру учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері жөнінде аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Г. Ахметова ұсыныстар мен ескертулерді атап өтті.

Алға аудандық прокуратурасының аға прокуроры Н. Ермекбаев үгіт кезеңінде кандидаттардың сайлау заңнамасын сақтауын қадағалау туралы ескерту жасады.