Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “ТЕМІР ЕРІК – АЛТЫН ЖЕҢІС” тақырыбында аудан жастарына арналған мотивациялық кездесу өтті.
Іс-шараға келесі құрметті қонақтар қатысты:
Б. Кангужин – Алға ауданы әкімінің орынбасары;
А. Тамабаев – Алға ауданы прокурорының орынбасары;
А. Сражова – Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы, «Д.А.Р» қоғамдық бірлестігінің басшысы, мотиватор, тренер;
Г. Идигеева – «Дәріс-2016» қоғамдық қорының атқарушы директоры, әлеуметтік жобалардың авторы, қоғамдағы күрделі мәселелерді шешуге атсалысып жүрген тұлға;
Р. Сағадатов – халықаралық және республикалық жастар жобаларының ментор-тренері, жастар көшбасшысы;
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы.
Кездесу барысында қатысушылар заң мен тәртіптің маңыздылығын, әлеуметтік жауапкершілік рөлін, сондай-ақ мотивация мен көшбасшылық қабілеттерін дамыту жолдарын жан-жақты талқылады.