Интернет алаяқтықтың алдын алу – басты назарда

Интернет алаяқтықтың алдын алу – басты назарда

2025 жылғы сәуір айында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Шагиров Жанибек Асылбекұлы Алға ауданына арнайы іссапармен келіп, Алға қаласы, Бестамақ және Тамды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полиция қызметкері интернет алаяқтықтың қазіргі таңда кең таралып отырған түрлері мен олардан қорғану жолдары туралы кеңінен түсіндіріп, тұрғындарға нақты мысалдар келтіре отырып, алаяқтардың айла-тәсілдерінен сақтанудың маңыздылығын атап өтті.

Жанибек Асылбекұлы интернет желісінде жеке мәліметтерді қорғау, бейтаныс сілтемелерге өтпеу және банк картасының деректерін ешкімге бермеу секілді қарапайым ережелерді сақтау арқылы киберқылмыстың құрбаны болмауға болатынын айтты.

Осындай түсіндіру жұмыстары Алға ауданы бойынша тұрақты түрде жүргізіліп келеді және олардың басты мақсаты – халықтың цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттыру. переведи на официальный русский язык