Алға ауданында интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алға ауданында интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алға ауданы әкімдігі мен Алға ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы бағытта Sulpak сауда үйінде арнайы бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. Сауда үйінің теледидарларында көрсетіліп жатқан бейнероликте алаяқтардың әрекет ету тәсілдері, сондай-ақ олардан сақтанудың жолдары жан-жақты түсіндірілген.

Атап айтқанда, бейнематериалда жеке деректерді бөгде тұлғаларға жария етпеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк карталары туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу қажеттілігі туралы кеңестер ұсынылады.

Аталған шара тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, олардың алаяқтық әрекеттерден қорғану деңгейін күшейтуге бағытталған. Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.