
Алға қаласындағы Орталық саябақта сенбілік жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдарының ұжымдары мен жастар белсене қатысты. Бұл шара — көктемгі абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылып, ағаштар әктелді. Сонымен қатар, гүлзарлар мен жасыл желектер ретке келтіріліп, жаңа гүлдер отырғызылды. Қатысушылар өзара ұйымшылдық танытып, қоршаған ортаны қорғау мен қаланы көркейтуге өз үлестерін қосты.
Мұндай игі істер тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсетіні сөзсіз. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.