Алға ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді.

Алға ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 27 наурыздағы №9 хаттамасына сәйкес, №3 Алға қазақ орта мектебі мен №4 Алға орта мектебінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту мақсатында көшпелі комиссия отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде аталмыш мектептерде аудан әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылып, келесі мәселелер қаралды:
1. №3 Алға қазақ орта мектебі мен №4 Алға орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
2. Аталған мектептерде «қолайсыз отбасы» және «тәуекел тобы» санатына жатқызылған отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
3. Аудандық полиция және білім бөлімінен келіп түскен материалдар негізінде тиісті шаралар қабылдау мәселелері қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес хаттамалық тапсырмалар беріліп, комиссия шешімімен:
• 3 ата-анаға «ауызша ескерту» жасалды;
• 1 кәмелетке толмаған бала Ақтөбе облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына орналастырылатын болды;
• 2 ата-анаға қатысты ата-аналық құқықтарынан айыру жөніндегі материалдар сотқа жолданды.

Комиссия отырысында балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.