Алға ауданында “Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы өтті: басты мақсат — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Алға ауданында “Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы өтті: басты мақсат — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде аудан әкімінің орынбасары Б. Каңгужиннің, полиция бөлімі, білім бөлімі, аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері мен еріктілердің қатысуымен Алға ауданы аумағында Республикалық “Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында “Заң және тәртіп” қағидасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және оларды қылмыстық қол сұғушылықтан сақтау.

Жұмыстың басты бағыты — заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көше кезетін, ойын-сауық мекемелерінде болатын, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтау және олардың ата-аналарына тиісті шара қолдану.

Алдағы уақытта да Алға ауданында осындай профилактикалық іс-шаралар өз жалғасын тауып, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.