2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақылар, жәрдемақылар және АЕК өседі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақылар, жәрдемақылар және АЕК өседі

2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң аясында жаңа жылдан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге.
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (КД) – 46 228 теңге.
Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге.
Базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге.

Зейнетақы төлемдері қазіргі мөлшерден 8,5%-ға ұлғаяды.

Мемлекеттік жәрдемақылар, оның ішінде мүгедектік, асыраушысынан айырылу, көп балалы отбасылар мен бала күтіміне байланысты төлемдер, күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты көтеріледі.

Зейнетақы есептеуге арналған максималды табыс 216 260 теңге (55 АЕК) мөлшерінде белгіленді.

Бұл өзгерістер азаматтардың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған. Барлық төлемдер 2025 жылдың қаңтарынан басталады.