Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Astana Hub жұмысының аясында IT-экспорт көлемін арттыру, цифрлық платформалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық стартаптарды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ «Терриконовая долина» IТ-хабының басшысы Сабир Ниязов, Arlan BioTech компаниясының басшысы Болат Сұлтанкұлов, ITS Partner Ltd компаниясының басшысы Марат Тастеміров баяндама жасады...