Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 12 қыркүйек - Жергілікті әскери басқару органдар күні аталып өтті.

Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 12 қыркүйек - Жергілікті әскери басқару органдар күні аталып өтті.

    Шараға бөлім бастығы, подполковник К.Мединаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Кангужин, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде қызмет етіп, зейнетке шыққан ардагерлер мен жеке құрам қатысты.

    Жиын барысында Болатбек Таңжарбайұлы мереке иелерін құттықтап, бірқатар қызметкерлерге Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник А.Утарбаевтың және
аудан әкімі Н.Ержановтың Алғыс хатын табыс етті.

    Шарада Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Ардагерлер құттықтау сөздерін сөйлеп, алғыстарын білдіріп, естелік суреттерге түсті.