«Нашақорлыққа жол жоқ» атты есірткіге қарсы іс-шараны орындау мақсатында аудандық прокуратураның үйлестіруімен, аудандық полиция бөлімі, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарымен бірлесе а.ж. 21-22 тамыз күндері есірткі контентін қамтитын жарнаманы орналастыратын ықтимал орындарды анықтау мақсатында Алға қаласындағы адам көп шоғырланбайтын жерлерде, иесіз, бос тұрған ғимараттарда тиісті рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында нашақорлық және психотропті заттарды, прекурсорларды жарнамалау, сүрет салу (граффити) бойынша қолданыстағы Заңнама аясында жауапкершілік туралы және ондай деректер анықталған жағдайда дереу уәкілетті органдарға хабарлау туралы жергілікті халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында тыйым салынған жарнама, сурет (граффити) анықталған жоқ.