Алмагүл Ишманова «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, 2 млн несие алып тігін цехын ашты.

Алмагүл Ишманова «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, 2 млн несие алып тігін цехын ашты.

«Ауыл аманаты» жобасы Алға ауданында белсенді дамуда. Бұл бағдарлама арқылы өткен жылы несие алып, кәсіпкерлікке қадам басқан алғалықтар бүгінде осы саланың сұранысқа ие бөліктерін игеріп отыр.

Сондай кәсіпкерлердің бірі, Тоқмансай ауылының тұрғыны Алмагүл Ишманова «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, 2 млн несие алып тігін цехын ашқан.

Өз жұмысына ұқыптылығын әуел бастан дәлелдеген Алмагүлдің жұмысына сұраныс та аз емес. Тойбастарға қажетті сыйлықтар, ұлттық киімдер, көрпе-төсектер тігетін кәсіп иесі кей уақыттарда жұмыста орын алатын ауыр сәттерін де айтып өтті.

Десе де, осы бір бастамасын жанына жақын тұтатындықтан жаңа туындылар тіккен ұнайды дейді ол.

“Ауыл аманаты” жобасы арқылы арманын жүзеге асырған Алмагүл апайға сәттілік тілейміз.