
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Булатбек Кангужин Нұрбұлақ, Самбай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындары мен бірқатар бөлім басшылары қатысқан кездесуде ауданда, оның ішінде, Қарағаш ауылдық округінде атқарылған жұмыстар мен жоспарланған жобалар туралы айтылды.
Кездесуде тұрғындар тарапынан Нұрбұлақ ауылының мал жайылымы, интернеттің сапасы, сондай-ақ, Самбай ауылында электр жарығының жиі сөнуі, «Алға-Самбай» бағытындағы көпірдің жөндеу жұмыстары, т.б. бірнеше мәселелер көтерілді.
Нұрбұлақ ауылының интернет мәселесі бойынша ауыл әкіміне «Свим» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізіп, мәселені жақын арада шешу тапсырылды.
Ал, «Алға-Самбай» бағытындағы көпірдің жөндеу жұмыстары шілде айында толығымен аяқталатынын айтты.
Осы және өзге де мәселелер төңірегінде көтерілген сұрақтардың барлығына жауаптар беріліп, бірқатары бақылауға алынып, жиын соңы тұрғындарды жеке қабылдаумен жалғасты.