
Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесі аясында мектепке дейінгі балаларға арналған дәстүрлі «Тіл болашағы–балабақшада» атты бүлдіршіндер байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі білім мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу. Мақал-мәтелдер арқылы дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту. Тілдің бала өміріндегі құдіретін таныта отырып, ұлттық рухты бойға сіңіру, халқына деген ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Биылғы байкауға ауылдардан барлығы 8 балабакша ұжымдары қатысты.Олар:
1. Бестамақ Болашақ балабақшасының «Болашақ» тобы
2. Тоқмансай бөбекжай балабақшасының «Қарлығаш» тобы;
3. Үшқұдық «NUR» жеке балабақшасы «Тәтті бала» тобы;
4. «Балапан» Маржанбұлақ балабақшасының «Балақай» тобы;
5. «Жұлдыз-ай» Тамды бөбекжай балабақшасының «Айгөлек» тобы;
6. Қарақұдық «Еркетай» жеке балабақшасының «Еркетай» тобы;
7. Адося жеке балабақшасының «Жұлдыз» тобы Бестамақ ауылы;
8. «Айым» жеке балабақшасының «Ай-Жұлдыз» тобы (Маржанбұлақ ауылы)
Байқауға қатысушылар төмендегідей 3 тапсырамыны орындады:
1) Өзі тәрбиеленіп жатқан балалар мекемесін, тобын мемлекеттік тілде таныстыру.
2) «Тіл туралы мақал-мәтелдер» сайысы
3)«Өнерлі өрге жүзер» ән, би сайысы бойынша бүлдіршіндер өнерлерін көрсетті.
Нәтижесінде барлық қатысқан балаларға Алғыс хаттар беріліп, әр топқа түрлі номинациялармен аудан әкімдігінің арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтар табысталды.