Алаяқтықтың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді

Алаяқтықтың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Алға аудандық Мәдениет үйінде аудандық прокуратураның бастамасымен алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Жиынға мекеме қызметкерлері мен әр санаттағы қала тұрғындары қатысты.

Кездесуге Алға ауданы прокурорының орынбасары Нұрлан Болатұлы "Алаяқтықтың алдын алу" туралы баяндама оқып, аудан әкімінің орынбасары Болатбек Танжарбайұлы, аудандық полиция бөлімінің қызметкері Курманалин Темірхан бүгінгі таңда кеңінен таралған интернет алаяқтыққа қатысты ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, құзырлы орган өкілдері тұрғындарға күмәнді сілтемелер бойынша интернет-сайттарға кіруден бас тартуға кеңес берді. Ғаламтор кеңістігіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін әрдайым есте сақтау қажет екендігін, бұл сақтық шаралары қаскүнемдердің қармағына түсіп қалудан қорғайтынын алға тартты.

Жиын барысында алаяқтардың алдап-арбау тәсілдерін жүзеге асыру үшін неше түрлі айла-шарғыға баратындары айтылып, қоғамда жиі кездесетін жағдайларға тоқталып өтті.

Тұрғындармен ашық форматта диалог жүргізіліп, көтерген сұрақтарына жауаптар берілді.