Алға ауданының әкімі Н. Ержанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Алға ауданының әкімі Н. Ержанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Н.Б. Ержанов 14 сәуір күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

10 шақты тұрғын аудан басшысына өзекті мәселелерін шешуге көмек сұрап келді. Тұрғын үй мәселелерін шешу, жол мәселесі, жарықтандыру, тазалық, атаулы әлеуметтік көмек бойынша және т.б өтініштер қаралды. Сұрақтардың барлығы мұқият тыңдалып, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндіріліп, көмек беру үшін жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүргізетінін естеріңізге саламыз. Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-11-11.