Аудан әкімі Н. Ержанов"Amanat" партиясының аудандық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады

Аудан әкімі Н. Ержанов"Amanat" партиясының аудандық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады

Аудан әкімі Нұрбол Ержанов “Amanat” партиясының аудандық филиалының ғимаратында тұрғындарды қабылдады.

Кездесуде 8 азаматтың сұрақтары қаралды. Аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын айтты. Атап айтқанда, өзекті мәселелер, жұмысқа орналастыру, пәтерді заңдастыру, жер мәселелері, кәсіпкерлік қызмет, Коммуналдық қызметтер және жеке сипаттағы мәселелер көтерілді. Қабылдау нәтижесінде 2 азаматқа көмек көрсетілді.

Н. Ержанов барлық өтініштерге толық жауап берді. "Amanat" партиясының қабылдау бөлмесінде көтерілген мәселелер аудан басшысының жеке бақылауына алынды. Мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларына тиісті тапсырмалар берілді.