Нұрбол Ержанов Алға ауданы аумағында көктемгі су тасқынынан өтуге дайындық бойынша кеңес өткізді

Нұрбол Ержанов Алға ауданы аумағында көктемгі су тасқынынан өтуге дайындық бойынша кеңес өткізді

Бүгін аудан әкімі Н.Ержановтың төрағалығымен көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жиналыс өтті. Аталған жиынға Ақтөбе облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Болат Тасбулатов, Алға ауданының прокуроры Нұрбек Тұрышов, Алға аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрбол Ибраев, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.

Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша өткізілген жиналыста аудан әкімінің орынбасары А.Бошанов, қала әкімі Н.Сурбаев, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы В.Кучерин баяндама жасады.

Жиын барысында аудан басшысы қардың түсу деңгейі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары болуына байланысты дайындық жұмыстарына аса мән беріп, қар шығару, табиғи суағарларды тазарту жұмыстарын тез арада аяқтауды тапсырды. 

Алға қаласы бойынша су арықтарының жалпы ұзындығы 12.1 метрді құрайды. Бүгінгі күнге аталған арықтардың барлығы қардан тазартылды. 

Сонымен қатар, Алға ауданы бойынша 472 су өткізгіш құбырларының 364-і тазартылып, 108 суағарды тазарту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, жиын барысында ауылдық округтердегі су тасқынының алдын-алу жұмыстарының жүргізілуі туралы сұрақтар көтерілді. 

Бүгінгі күні Алға ауданының жағдайы тұрақты. Аудан әкімі салаға жауапты мекеме басшыларына еріген қар суының деңгейін үнемі бақылауда ұстап, жағдайды уақытылы баяндап отыруды тапсырды.