Аудан әкімі Нұрбол Ержановтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесу өтті.

Аудан әкімі Нұрбол Ержановтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай, Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының, «КазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының, «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы» Ақтөбе облысы филиалының өкілдері және аудандағы шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Жиын барысында облыстық басқарма басшылары ауылшаруашылығы саласындағы өзгерістермен толықтыруларға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде ауылдардағы шөп мәселесі, бруцеллез ауруына қатысты, ветеринария бөліміне кадр, мал соятын арнайы (убойный пункт) салу, жер мәселесі бойынша сұрақтары және ауыл шаруашылығының басқа да мәселелері көтерілді.

Жиналыс соңы облыстық басқармадан келген басшылары шаруа қожалық басшыларын жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.