
25 қазан "Республика күні" мерекесіне орай бокстан 2010-2011, 2012-2013 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында Алға аудандық "Маржанбұлақ" балалар аула клубы ашық біріншілігі өткізілді.
Жарысқа Қарғалы, Қобда, Мұғалжар, Хромтау аудандарынан Ақтөбе қаласының 4БЖСМ, 2БЖСМ командаларынан 80 жас спортшы қатысты.
Жеңімпаздар Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің демеушілігімен ұйымдастырылған кубок, медальдарымен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Маржанбұлақ ауылдық округінің шәкірттері жүлделі орындарға ие болды: І-орын Тугелбай Мейрамбек, Болатов Данабек, Алитурлиев Али Азамат, Нурлыбай Жандаулет; ІІ-орын Ізмұханов Алихан, Әлдібаев Алтынбек, Мансат Гизат; ІІІ-орын Қапар Ахмет, Әлдібаев Алтынбек, Батырғали Ахмет