Ауылдық округтерде күнделікті жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қолға алынған "Ауыл аманаты" жобасы аясында ашылған нысандарға барып, олардың жұмыс барысымен танысты.
Сонымен қатар, өткен жылдан бері Сарықобда ауылында 7 га жерге көкөніс өсірумен айналысып жүрген тұрғын Ж.Тюбаевтың бақшасына барды. Далалықта өсіріліп жатқан бақшада қияр, қауын, қарбыз, қызанақ, картоп егілген.
Келер жылы бақша аумағын кеңейтуді көздеп отырған кәсіпкер "Ауыл аманаты" жобасына қатысуға ниетті.
Аудан басшысы үлкен еңбекті қажет ететін кәсіпті қолға алған тұрғынның ісіне қызығушылығын танытып, сәттілік тіледі.