20 сәуір күні Бестамақ мәдениет үйі ұйымдастырған "ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ КҮЙШІ КОМПОЗИТОРЫ- ҚҰРМАНҒАЗЫ" атты әдеби сазды кеш өткізілді.
Кеште Ұлы күйшінің 205 жыл толуына орай мәдениет үйінің "АСЫЛ МҰРА" домбыра үйірмесінің оқушылары Құрманғазының "Адай","Балбырауын"," шәкірті Динаның "Ақжелең","Жастар биі күйлерін орындады.
Сондай-ақ күйшінің өмірбаяны,домбыраға тіл бітірген өнерпаз аталары мен күйлерінің шығу тарихы туралы көрермендерге ақпарат берілді.