"Отбасы бақыты - бірлікте" тақырыбында қоғамдық шара Қарақұдық ауылында жалғасын тапты.

"Отбасы бақыты - бірлікте" тақырыбында қоғамдық шара Қарақұдық ауылында жалғасын тапты.

Алға аудандық әйелдер кеңесімен ұйымдастыруымен "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" республикалық жобасы аясында "Отбасы бақыты - бірлікте" тақырыбында қоғамдық шара Қарақұдық ауылында жалғасын тапты.
Бұл жобаның басты мақсаты - отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына таратып, ұлттық дәстүрді қадірлеуге, сақтауға шақыру.

Адам мен табиғат әрқашан да егіз. Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын бесігі, қайнар көзі. Осы мақсатта әр округтан келген қонақтар Қарақұдық ауылында игі бастама ретінде ағаш отырғызып, ақ батасын берді.
Сонымен қатар, Алға ауданының саясат бөлімі және аналар кеңесі төрайымының атынан осы шараға белсене қатысқан адамдарға арнайы Алғыс хаттар табыс етілді.

Ендігі кезекте көшпелі кубок Қарағаш ауылдық округіне жолданды.