Қарақұдық ауылдық округінде Қарттар күнімен құттықтады!

Қарақұдық ауылдық округінде Қарттар күнімен құттықтады!

1 қазан - Қарттар күні мерекесіне орай қарияларға құрмет көрсетілді.
"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" демекші, артында тал қалдыруды мақсат еткен қариялар ағаш отырғызып, арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
Әкімшілік пен ауыл кітапхана меңгерушісімен ұйымдастырылған мерекелік дастарханға ауылымыздың 75 жастан асқан ақсақалдар мен ақжаулықты аналар шақырылды және Қарақұдық ауылдық округінің 3 елді мекеніндегі қарияларға шағын сый-сияпат таратылды.
Ардагерлер өз кезегінде мерекелік ыстық ықыластарын, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, тазалықты жанына серік еткен қоғамдық жұмысшылар сенбілікті қарқынды түрде жалғастырып келеді.