Алға ауданының әкімі Н.Ержановтың 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтауы

Алға ауданының әкімі  Н.Ержановтың 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтауы
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша алғалықтар!
​Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

​Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мерекеге айналды! Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын!

​Бірінші қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені - Білім! Жаһандану процесі барысында біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек! Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз.
​Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы-ұстаз деген атаққа әрқайсыңда лайық болыңыздар, қымбатты ұстаздар!

​Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін. Ел ертеңі болып табылатын шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

​Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!