
Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және Алға аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ қоғамы мен мемлекетінің қайраткері, ағартушы ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ халқының рухани көсемі " атты аудандық байқау өтті.
Байқауға барлығы 14 қатысушы қатысты. Байқау 3 кезеңге бөлінді:
I кезең- Ахмет Байтұрсынұлының бір өленің жатқа айту.
II кезең - Ахмет Байтұрсынұлының аудармасынан бір өлең жатқа айту
III кезең - Ахмет Байтұрсынұлы ашқан жаңалық (слайд).
Аталмыш кеш аясында қатысушылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп орындап, ағартушының ашқан жаңалықтары туралы тың деректермен бөлісті. Әділқазы алқасының шешімімен
I орынды -Оразбаева Мөлдір Ерболқызы (Алға қаласы, #3 Алға қазақ орта мектебі)
II орынды-Құрманбай Сайда Алтынбекқызы (Қарабұлақ ауылы)
III орынды-Серікбаева Жансая Русланқызы (Тоқмансай ауылы)
Жүлделі орын иегерлері диплом және де бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, бәйгелері оза шаппаған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хаттар табысталды.