Ақсай ауылдық амбулаториясына қажетті көлік беріледі.

Ақсай ауылдық амбулаториясына қажетті көлік беріледі.

Ағымдағы аптаның​ сәрсенбісінде өткен аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі Ақай, Көлтабан ауылдарында жалғасты.​

Кездесу барысында ауыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қысқаша шолу жасалды.

Тұрғындар тарапынан Ақай ауылдық амбулаториясына қажетті көлік мәселесі, балаларға арналған ойын алаңын салу жұмысы​ және Көлтабан ауылындағы бастауыш мектепті негізгі мектепке ауыстыру мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылды.

Ауылдық амбулаторияға қажетті көлік мәселесі ағымдағы жылы шешімін табуы тиіс деген аудан әкімі биылғы жылы ауданға бөлінгелі отырған 6 көліктің біреуін беру жоспарланғанын айтты.

Ал, балалар ойын алаңына қатысты алдағы жылы жоба дайындалып, соның нәтижесінде тиісті қаражат​ ​ бөлінетін болады.

Осы және өзге де сұрақтарға жауаптар беріліп, кездесу соңы жеке қабылдаумен жалғасты.