Аудан әкімі Сарыхобды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Сарыхобды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Нұрбол Бақытжанұлы Сарықобда, Болгарка ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.

Кездесуде ауылдық округ бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы қысқаша ақпарат айтылды.

Аудан әкімі өз кезегінде мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылуы күтіліп отырған жұмыстарға қатысты мәліметтермен бөлісті. Тұрғындар тарапынан медицина, ветеринария салаларына қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының басшысы Болатбек Таңжарбайұлына тапсырды.

Кездесуден соң бірнеше тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, заң аясында тиісті жауаптар берді.