Аудан әкімі жаңа ауыл әкімін таныстырды.

Аудан әкімі жаңа ауыл әкімін таныстырды.

2022 жылғы 31 шілдеде өткен Қарағаш ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес Алға аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қарағаш ауылдық округінің әкімі болып Жұбаев Абылай Шамшеддинұлы тағайындалды. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Нұрбол Ержанов Қарағаш ауылдық округінің активіне жаңадан сайланған ауылдық округтің әкімін таныстырып, Абылай Шамшеддиновичке алдағы жұмысына табыс тіледі.
Жұбаев Абылай Шамшеддинұлы 1990 жылы Өзбекстанның Тахиаташ қаласында дүниеге келген, 2003 жылдан Самбай ауылында тұрады, білімі жоғары.
2008-2012 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген, бейнелеу өнерінің мұғалімі және 2021 жылы Ақтөбе өңірлік университетінің жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бакалавры.
Еңбек жолын 2012 жылы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі Самбай ауылының Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінде бейнелеу өнерінің мұғалімі болып бастады.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алға ауданы Сарыкобды ауылдық округінің "Болгар мектеп-бақшасы" КММ директоры болып жұмыс істеді.