Ақтөбедегі ХҚКО кезекшісінің жұмыс кестесі

Ақтөбедегі ХҚКО кезекшісінің жұмыс кестесі

Ақтөбе қаласы бойынша ХҚКО кезекші бөлімі сенбі күндері жұмыс істейтін болады
Ақтөбе қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы кезекші бөлімнің жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді.
Ақтөбе облысының ХҚКО кезекші бөлімі мереке күндерінен басқа, сенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады-9.00-ден 20.00-ге дейін. Ақтөбе облысының ХҚКО қалған бөлімдері стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбі-жұма сағат 9: 00-ден 18.00-ге дейін. Кезекші бөлім Ақтөбе қаласы бойынша 60 лет Октярбря 20Б мекен жайында орналасқан.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының тұрғындары ХҚКО қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, еGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында және Egov mobile мобильдік қосымшасында ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының пиар менеджері Дарменкулова Асель