Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы 15 мамырда Алға ауданының Сарықобда ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Алға ауданының Сарықобда ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Алға аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Сарықобда сайлау округі

Сарықобда ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 493 азамат енгізілді, олардың 369-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 18, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бектұрғанов Е.П. – 276; Құрамысов А.Ә. – 9; Сағиданов Е.Қ. – 63.

Бектұрғанов Ермек Полатұлы -1982 ж.т., Сарықобда ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Алға қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсынған, Сарықобда ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Алға аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 16 мамырдағы шешімімен 2022 жылғы 15 мамырда сайланған Алға ауданының Сарықобда ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Алға аудандық сайлау комиссиясы