Аудан әкімі Нұрбол Ержанов жұмыс сапарымен Тоқмансай ауылдық округінде барды

Аудан әкімі Нұрбол Ержанов жұмыс сапарымен Тоқмансай ауылдық округінде барды

Тоқмансай ауылдық округінде сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ауыз сумен қамтамасыз етудің жаңа нысанының құрылысы басталды. Ауылдық округтегі сумен жабдықтаудың жаңа жүйесі мыңнан астам адамның таза ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, әлеуметтік объектілер қосылатын болады. Қазір мердігер ұзындығы 27 км болатын ауыз суға арналған құбырлар салды.

Тексеру қорытындысы бойынша аудан әкімі халықты сумен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар беріп, бұл мәселенің аса маңызды екенін атап өтті.