Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Департамент басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі М.М.Бибітова Алға ауданында іссапарда болды.

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Департамент басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі М.М.Бибітова Алға ауданында іссапарда болды.

Сапар «Әкімдік-халық үшін» ғимаратында орналасқан мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыстарымен танысудан басталды.
Бұдан кейін Алға аудандық Қоғамдық кеңес отырысына қатысты. Кеңестің алғашқы отырысында екі мәселе талқыланды: 1) Азық-түлік бағасы туралы; 2) 2021 жыл мен 2022 жылдың І тоқсанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы туралы. Отырыс қызу талқылауда өтті, қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер, мемлекеттік орган қызметкерлері өз ұстанымдарын ортаға салып, оны шешу жолдарында өз пікірлерін білдірді.
Келесі кездесу- кәсіптік бағдар беру мақсатында Алға Индустриалды-Техникалық колледжінің студенттерімен өткізілді. Студенттерге мемлекеттік қызмет, оның салалары және мемлекеттік қызметке түсудің жолдары туралы түсіндірме берілді.
Сондай-ақ, «Аманат» партиясының аудандық филиал ғимаратында азаматтарға қабылдау жүргізілді. Азаматтардың сұрақтары мемлекеттік қызмет заңдылықтарының шеңберінде қойылып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Күннің екінші жартысы мемлекеттік қызметшілермен кездесумен жалғасты. Кездесуге Алға ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары қатысты. Алғашқы сөз мемлекеттік қызметшілермен жиі жіберілетін заң бұзушылықтар жайлы қозғалды, М.М.Бибітова сөз соңында мемлекеттік қызметшілерді енгізілген өзгерістермен таныстырды.