Алға ауданында 8 сәуірден бастап тазалық жұмыстарын жүргізу үшін санитарлық айлық басталды.

Алға ауданында 8 сәуірден бастап тазалық жұмыстарын жүргізу үшін санитарлық айлық басталды.

Бүгіннен бастап маусым айына дейін әр сенбі сайын ауданда осындай сенбілік өтетін болады. Сенбіліктің мақсаты – қаланы, ауылдық округтерді алдағы мейрамдарға, жаз айларына дайындау.

Бүгін бірінші сенбілік Алға қаласы бойынша көшелерді санитарлық тазалауға арналды. Алғашқы сенбілікке студент жастар, аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ұстаздар, өз қаласының тазалығына үлес қосуға ниетті еріктілер қатысты. Нәтижесінде,14 көше тазартылып, 35 тонна қоқыс шығарылды.

Қазіргі таңда қала бойынша көктемгі су тасқынының қаупі сейілген. Дегенмен, көп жерлерде жер балшығы мидай иленіп, тазалық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік тудырмай отыр. Әсіресе, Алға қаласының кейбір аймақтары әлі де қар суының құрсауында болғандықтан, ол жерлерде жүргізілетін жұмыстар алдағы апталардың еншісіне қалдырылды.