
2022 жылғы 13 наурызда Алға ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау екі сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Алға ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Алға аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Қарағаш сайлау округі
Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 821 азамат енгізілді, олардың 783-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 17, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бердалин Т.Д. – 732; Елеусіз М.М. – 21; Куспанов Е.С. – 13.
Бердалин Талғат Дәулетұлы -1972 жылы дүниеге келген, Тамды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Алға қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсынған, Қарағаш ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Тамды сайлау округі
Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1617 азамат енгізілді, олардың 1407-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әжіғұлов А.К. – 1197; Есенғалиев Ә.Б. – 148; Қаратаев Ғ.Ж. – 62.
Әжіғұлов Аслан Құдайбергенұлы – 1982 жылы дүниеге келген, Тамды ауылдық округінің әкімі, Тамды ауылының тұрғыны, казах, «AMANAT» партиясы ұсынған, Тамды ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Алға аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімімен 2022 жылғы 13 наурызда сайланған Алға ауданының Қарағаш және Тамды ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Алға аудандық сайлау комиссиясы