Алғалықтар блок бекеттерде полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ әкеледі

Алғалықтар блок бекеттерде полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ әкеледі

Бүкіл Қазақстан бойынша, оның ішінде Ақтөбе облысында 5-19 қаңтар аралығында ТЖ режимі қолданылады. Осыған байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тонауға жол бермеу мақсатында облыс бойынша коменданттық сағат енгізілді. Бұдан басқа, Республикалық маңызы бар жолдарда блокпосттар орнатылды. Жастар ресурстық орталығы мен Алға ауданының тұрғындары Ақтөбе қаласына кіре берістегі Бекет блогына ыстық тамақ тасымалдауды ұйымдастырды.