«Алға ауданының Құрметті азаматы» атағын ұсыну

«Алға ауданының Құрметті азаматы» атағын ұсыну

Алға ауданында білім саласында абыройлы еңбек етіп, ауданның әлеуметтік дамуына өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан Жеңіс Қонжарұлына аудан әкімі Нұрбол Ержанов аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес «Алға ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады.

Марапаттау барысында аудан әкімі Жеңіс Қонжарұлының сапалы білім беру жолында жылдарды жалғаған үлкен еңбегін ерекше атап өтті.

Бұған дейін де Жеңіс Қонжарұлы жоғары дәрежелі грамоталармен, мерекелік төсбелгілермен марапатталған.