"Жыл үздігі 2021" жастар сыйлығы табысталды

"Жыл үздігі 2021" жастар сыйлығы табысталды

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында "Жыл үздігі 2021" жастар сыйлығы табысталып, жылдың үздік көшбасшылары анықталды. Салтанатты марапаттау рәсімінде аудан әкімі Ержанов Нұрбол Бақытжанұлы мерекемен құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар табыс етті!

1) Әбдірахман Закария Сегізбайұлы -  жас спортшы.  Ақтөбе облысы бойынша бокстан 2 дүркін чемпионы, Ростов на Дану қаласында өткен  турнирдің жеңімпазы. Алға балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы.

2)    Қайырбекқызы Арайлым -  Алға аудандық санитарлық эпидимиологиялық бақылау басқармасының  маманы, Пандемия және карантин кезінде тынбай еңбек етіп, аудандығы Ковид-19 індетінің таралмауына үлес қосып жүрген белсенді жас.

3)    Карасаева Мөлдір Сисенғалиқызы – Алға аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі. Өнерлі, сахнада актерлік қабілетімен танылып жүрген жан-жақты жас. Алға ауданындағы өткізілген аудандық жүргізушілер сайысының 1 орын жүлдегері.

4)    Кибат Төлеген Уразбаевич – Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері. Республикалық «Бақытты бала- бақытты ел» жобасында жетекшілігі үшін алғыс хат иегері, «БІлікті педагог» облыстық пәндік олимпиадасының ІІ  орын иегері,аудандық білім бөлімі басшысының құрмет грамотасының иегері.

5)         Жангереев Багдат Амангелдіұлы -  Алға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі азаматтық қорғаудың кіші сержанты. 2021 жылы 26 қаңтарда Жәнгереев Бағдат жертөле үй-жайының тұтануы нәтижесінде тыныс алу аппаратына қосылып, түтінді ортаға кіріп, өз бетінше шыға алмаған адамды құтқарды. Бұл Багдаттың жасаған ерлігінің аз ғана бөлігі.

6)          Ахназарова Гулмира Курбанбаевна- Үшқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.  Сонымен қатар Алға аудандық жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы маманы. Ауылдағы жастарды қолдау бағытында жыл бойы жоғарғы деңгейде жұмыс жасаған,белсенді жас.

7)    Алғабай Жеңісбек Нұрланұлы – Алға аудандық полиция бөлімі,  жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны. Құқық қорғау органында,ел тыныштығы үшін, күні –түні тынбай еңбек етіп жүрген жастардың бірі де бірегейі.

8)          Тайманова Кенжегүл  Тагибергеновна – Алға аудандық халықты  жұмыспен қамту орталығының маманы. Алға аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі басшысының, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған белсенді жас. Аудандағы жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып жүрген білікті маман.

9)           «Бонум» еріктілер тобы. Аз уақыт ішінде, волонтерлік топ құрып, Алға ауданы халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген топ. Пандемия және карантин кезінде, осал топтағы жандарға азық түлік, киім кешек, тұрмыстық заттармен көмек көрсетіп, казіргі таңда «Бонум» әлеуметтік кабинетін ашып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп отырған бірден бір волонтерлік топ.

10)    Бердиева Айша Сәрсенбайқызы – Алға аудандық орталық аруханасының жалпы тәжірбиелі медбикесі. Алға аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің алғыс хатының иегері. Адам денсаулығын құтқару мен емдеуде тынбай еңбек етіп жүрген білікті маман иесі.