Алға ауданының әкімі Н. Ержанов азаматтарды жеке қабылдады

Алға ауданының әкімі Н. Ержанов азаматтарды жеке қабылдады

"NurOtan" партиясы Алға аудандық филиалының төрағасы аудан әкімі Н.Аржанов филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті рет азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға барлығы 6 адам келді. Тұрғындар үй кезегін ауыстыру, жұмысқа орналастыру, көшені қайта атау мәселелерімен жүгінді. Барлық қойылған сұрақтарға, өтініштерге заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді, кейбір сұрақтар тиісті мекеме басшыларына жолданды.

Айта кету керек, жыл басынан бері партия филиалының қоғамдық қабылдауына 288 өтініш түскен. Оның 77% оң шешім алды.