Ақтөбе облысы әкімінің Алға ауданына жұмыс сапары

Ақтөбе облысы әкімінің Алға ауданына жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин жұмыс сапарымен Алға ауданына барды, онда Тамды ауылдық округінің Еркінқұш ауылында пайдалануға беру және газ қосу бойынша салтанатты іс-шараға қатысты, осы жобаны іске асыруға 31 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Кейін Алға қаласындағы Алға индустриалды-техникалық колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу барысымен танысты. Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы Бесқоспа ауылдық округінің Есет батыр ауылында салынған, ауданы 440 шаршы метр жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл жоба "Ауыл-ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды