Аудан әкімі Нұрбол Ержановтың тұңғыш президент күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Нұрбол Ержановтың тұңғыш президент күнімен құттықтауы

Құрметті алғалықтар!

 Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

       Мемлекеттік мереке ретінде аталып өтетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Егемен еліміздің айтулы мерекесін атап өту – мемлекет тағдырына тіреу болған Ұлт көшбасшысына деген құрмет. Өйткені Елбасымыз - барша қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған бастамалардың ұйытқысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.

      Еліміздің өсуімен, өркендеуі жолындағы атқарылып жатқан оң өзгерістерге баршамыз куәміз.

      Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан 30 жыл уақыт ішінде елімізді күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналса, бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың еңбегі.

Баршаңызды мемлекеттің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентіміздің күнімен құттықтай отырып, болашағымыз бекем, мемлекетіміз берік болып, әр отбасында береке, бірлік болсын дегім келеді!