Алға аудандық мәдениет үйінде тұңғыш президент күніне орай мерекелік концерт өтті.

Алға аудандық мәдениет үйінде тұңғыш президент күніне орай мерекелік концерт өтті.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Алға аудандық Мәдениет үйінде "Елбасы - елімнің тұтқасы" атты үлкен мерекелік шара өтті.
Елбасы туралы естелік бейнероликтер көрсетуден бастау алған шарада тақырыптық әндер айтылып, би биленді. Сонымен қатар, ауданда әр салада еңбек ететін бірқатар азаматтар облыс әкімі О.Оразалиннің, аудан әкімі Н.Ержановтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Айта кетейік, мереке қарсаңында III дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгісімен Алға аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің қызметкері Салиев Асхат Төлеуханұлы марапатталды.
Мереке күнімен тұрғындарды құттықтаған аудан әкімі Нұрбол Бақытжанұлы марапат иелеріне Алғыс хаттарын табыстай отырып, атқарып отырған еңбектеріне деген ризашылығын білдірді. Марапаттан соң мерекелік концерт әсем әнмен жалғасын тапты