Жыр-терме орындаушыларының байқауы өтті

Жыр-терме орындаушыларының байқауы өтті

Алға ауданы әкімдігінің қолдауымен "Рухани жаңғыру "Болашаққа бағдар" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әбубәкір Кердерінің 160 жылдығына арналған "Тәуелсіздік толғауы" атты аймақтық жыршы-термешілер байқауын Алға ауданы әкімдігінін ұйымдастыруымен өткізілді.

Шараға қатысқан Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Шалқар, Қобда, Ойыл, Қарғалы Мұғалжар, Алға аудандарынан барлығы 14 үміткер қатысқан байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

Байқау шарттары бойынша Әбубәкір Кердері шығармасынан бір терме, өз еркімен бір терме орындау қажет етілген еді. Әділ қазылардың шешімімен:

Бас жүлдені 300 000 тг - Жеңіс Елемесов (Ақтөбе)

1 орынды 200 000 тг - Тойгулыев Бердібай (Қобда ауданы)

2 орынды 150 000 тг - Сәрсенов Бақытбек ( Атырау)

2 орынды 150 000 тг- Дәрібаев Асылхан (Шалқар ауданы)

3 орынды 100 000 тг- Қобдабаев Төлеубай ( Алға ауданы)

3 орынды 100 000 тг- Алдамжаров Армат (Батыс Қазақстан)

3 орынды 100 000 тг- Жәнібек Жақсан ( Қызылорда) иеленді.

Қалған қатысушыларға Алғыс хат пен 30 000 теңгенің сертификаты табысталды.