Алға қаласында үстел теннисінен жарыс өтті

Алға қаласында үстел теннисінен жарыс өтті

Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Алға БЖСМ ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерей тойына арналған 2007-2009 ж.т 2010 жылы және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасынғы үстел теннисінен аудандық ашық турнир өтті.
Жарасқа 1, 3, 4, Алға орта мектептері, Алға мектеп-гимназиясы, Қайыңдысай , Талдысай, Болгарка, Есет батыр, Қарақобда мектептерінен командалар қатысты.
Нәтижесінде 2007-2009 ж.т қыздар мен ұлдар арасындағы командалық жарыста І орынды  #3 Алға орта мектебі, ІІ орынды#1 Алға мектеп- бақшасы, ІІІ орынды Қайыңдысай негізгі мектебі иеленсе, 2010 ж.т және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасындағы командалық жарыста І орынды  Алға мектеп гимназиясы, ІІ орынды # 3 Алға орта мектебі, ІІІ орынды #1 Алға мектеп- бақшасы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы мадақтамалар мен медальдар табысталды.
Бас төреші-Сарбупин Арманбек.