Алға ауданы Үшқұдық ауылында "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында "Абаттандырылған ауыл-2021"пилоттық жобасына арналған форум өтті

Алға ауданы Үшқұдық ауылында "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында "Абаттандырылған ауыл-2021"пилоттық жобасына арналған форум өтті

Форумға облыс әкімінің орынбасары Ж.Иманкулов, аудан әкімі Н.Ержанов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Сүйінтаева, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаттары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ​ өкілдері, облыстық басқармалардың қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасарлары, облысқа қарасты 9 ауданның аталған бағдарламаға енген ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Форумның алғашқы сөзін алған облыс әкімінің орынбасары Ж.Иманқұлов аталған бағдарламаның бізге берер болашағы зор екенін айтып, алдағы уақытта​ жобаны жүзеге асыру барысында облыстық деңгейде бірнеше жобалардың жүзеге асырылатынын атап өтті.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Сүйінтаева «Абаттандырылған ауыл -2021» облыстық пилоттық жобасы аясында 2021 жылы атқарылған жұмыстарға жұмсалған қаражат туралы ақпарат бере отырып, 2022-2023 жылдарға жоспарланған жобалар легімен бөлісті.

Аталған жоба ағымдағы жылы ​ облысқа қарасты 9 ауылдық округте жүзеге асырылған. Форумға қатысушы ауылдық округ әкімдері ауылдары бойынша атқарылған жұмыстар туралы айта отырып, жобаның тиімділігін атап көрсетті.

Жоба аясында кәсіпкерлік бағытында да бірқатар шаралар жүзеге асырылған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Тілеумұратов өз баяндамасында айтып өтті.

Форум барысында облыс әкімінің орынбасары Ж.Иманқұлов ауылшаруашылық саласына еңбегін сіңірген бірқатар кәсіпкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Ауылшаруашылық саласының ардагері Есенбай Есмаханов өз сөзінде бүгінгі форумның маңыздылығын атай отырып, ауылды абаттандыруды әрбір тұрғын өз үйінен бастау керектігін ескертті. Бюджеттен қаражат бөлініп, ауылды қанша абаттандырса да әр адам өркендеуді өзінен бастамаса жасалған жұмыстың жарты жолда жайдақтап қалатынын естен шығармау керектігін айтты.

Форум соңында аудан әкімі Нұрбол Бақытжанұлы бүгінгі шараның алғаш болып Алға ауданында өткені үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, пилоттық жобаның ғұмырлы болуын тіледі.