Алға ауданының әкімі Н. Ержанов азаматтарды жеке қабылдады

Алға ауданының әкімі Н. Ержанов азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Нұрбол Бақытжанұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

​ ​ Қабылдауға келген азаматтардың негізінен жүгінген мәселесі үй мәселесі болды. Сондай-ақ, жер, жұмысқа орналасу мәселелерімен келген тұрғындар ұсыныстарын ортаға салды.

​ ​ Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелер бақылауында болатындығын айтып, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша бос жұмыс орындары болған жағдайда аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз санатына тіркелген азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.