Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Алға қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шараның мақсаты ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және террористік көріністерге шұғыл ден қою жөніндегі аудандық жедел штабтың күштері мен құралдарын практикалық пысықтау болып табылады.
Террористік актінің объектісі ретінде Алға қаласының Мәдениет үйі мен Алға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі анықталды.
Алға аудандық терроризмге қарсы күрес жедел штабы