Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Облысымызда игі іс жасап, әрқашанда көпшілікке қолұшын беруге дайын тұратын азаматтар өте көп.
Осы мақсатта туған өлкесінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қолдау негізінде «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығын табыстау шарасы бастауын алды.
«Жомарт жүрек» - маңызды қоғамдық бастамаларды көтеріп, түрлі салалардағы жобаларды нәтижелі атқарған азаматтар мен ұжымдардың марапаты.
Жоба аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткізіледі.
Биылғы жылы дәстүр бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 25-29 қазан аралығында «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығын табыстау үшін жеңімпаздарды анықтау мақсатында онлайн дауыс беру өз бастауын алады.
Аталған шараға өңірімізден номинациялар бойынша 5 үміткер ұсынылды.
Осыған орай, жерлестерімізге қолдау білдіріп, 25-29 қазан аралығында https://ruh.kz сайтында онлайн дауыс беруге ат салысайық.
«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі