Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, азаматтардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру және электрондық мемлекеттік қызметті дәріптеу мақсатында ағымдағы жылдың 19 қазанында @alga_aqparat Instagram парақшасында online режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Азаматтар тікелей эфирде Мемлекеттік қызмет көрсетудің ең сұранысқа ие салаларында, атап айтқанда білім беру, спорт, әлеуметтік-экономикалық мәселелер саласында, сондай-ақ Алға ауданы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек ала алады.